Ақпараттық кеңістіктегі мемлекет, қоғам және БАҚ

27 Мамыр 2018, 15:15 6298

«InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты ІХ Ортаазиялық интернет форумындағы маңызды пікірлер

Биыл Алматыда өткен «InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты ІХ Ортаазиялық интернет форумының тақырыбы БАҚ, Мемлекет, Қоғам: Цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылыққа арналды. Форумның негізгі тақырыптары ақпараттық кеңістіктің дамуындағы мемлекет, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі, шынайы ақпарат және интернет, цифрлық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау, оқырманның медиасауаттылығы, фейк ақпаратпен күрес, ксенофобия және өшпенділік тілі мәселелерін қамтыды. Форумға Германия, Чехия, ТМД елдерінен келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың,  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аталған өзекті мәселелерді талқылап өз ойларын ортаға салды. Осы форумда айтылған өзекті ойлармен бөлісуді жөн көрдік.

 ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Бекзат Рахимов БАҚ туралы заңнама және медиа сауаттылық туралы:

Қазақстанның медиа саласындағы мемлекеттік реттеу құралдары туралы айтар болсам, кез келген реттеу шаралары ең алдымен заңнамаға сүйенеді. Бүгінгі таңда бұл салада қолданылатын негізгі заңнама бұл 1999 жылы қабылданған БАҚ туралы заң. Бұл заңнамада мемлекеттік реттеу формалары нақты бекітілген. Яғни  құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау арқылы. Заңнаманы жетілдіру тұрақты сипатқа ие, оның растамасы ретінде 19 жыл ішінде Бақ туралы заңға 35 рет өзгерту енгізілді. Орташа алғанда жылына екі рет. Әрине, бұл түзетулер негізінен нақтылау сипатында болды. Жалпы заң құрылымын өзгерткен жоқ. Алайда БАҚ туралы заңды 2001 жылы Қазақстанда интернет ресурстар БАҚ санатына жатқызылды. 2009 жылы интернет кеңістігін мемлекеттік басқару механизмдері енгізілді, осымен қатар БАҚ-ты тіркеуге тұрғызу құзіретті органдарға мәлімдеу сипатына енді. 2012 жылы телерадио хабар тарату өз алдына заңнамалық тармақ ретінде бөлініп,  жеке заң ретінде қабылданды. 2017 жылы медиа саласында балалар құқығын қорғаудың құқықтық негіздері қаланды. Балаларды деструктивті ақпараттан қорғау мәселелеріне мән беріле бастады. Әрине, заңнаманың өзгеруі заңды орындау тәжірибесіне оі әсерін тигізе қоймайды. Алайда көптеген өзгерістер нақтылау сипатына ие. Менің жеке ойымша, бұл жағдайға ғаламдық деңгейде постиндустриалдықоғамның ақпараттық қоғамға өтуі елеулі әсер етті.  Өздеріңіз білетіндей Мур заңы бойынша ақпаратқа кез келген салада технологиялар қуаты мен жылдамдығы геометриялық прогрессияда өседі. Осы орайда Льюис Кэролдың «Тұрған орныңда қалуың үшін бар күшіңді салып жүгіруің керек, ал бір жерге жету үшін одан екі есе жылдам жүгіруің керек» деген фразасы еске түседі. Біз де осы ақпарат ағынына төпеп беріп, заман талабына сай медиа ортаны қалыптастырамыз десек, БАҚ, мемлекет және қоғам болып бірігіп әрекет етуіміз керек. Бұл тұрғыда медиа сауаттылықты арттыру бәріміздің ортақ мақсатымыз.   

Elevate компаниясының (Германия) негізін қалаушылардың бірі Лукас Мор Cambridge Analytica жанжалы әлеуметтік желіге әсер етті ме? Цифрлық технология әлеміндегі этикалық және ашықтық түрлері туралы:

Facebook әлеуметтік желісінің миллиондаған пайдаланушыларының мәліметтері олардың рұқсатсынсыз Cambridge Analytica компаниясының қолына түскені британдықтардың наразылығын тудырды.  Компанияға Facebook-тың 50 миллион пайдаланушысының жеке деректерін 2016 жылғы АҚШтағы президент сайлауына әсер ету үшін пайдаланылды деген айып тағылды.

Cambrige Analitic сараптамасы әлеуметтік медиаға әсер етті ме? оның ықпалы қаншалықты сақталмақ? Көптеген компаниялар, ұйымдар, адамдар жеке деректерді өз мүддесіне пайдаланады. Бұл осы саладағы ең ірі скандалдардың бірі. Сіздерге белгілі үш жаңалық тақырыптары болған жағдайдың айқын көрінісі. Парламент мүшелері 87 миллионнан астам facebook пайдаланушыларының деректері қолжетімді екенін мәлімдеді. Егер қазақстан халқы 18 миллион десек, бұл 4 Қазақстан халқының түгелдей мөлшері деуге болады. Бұл деректер тек әлеуметтік желі пайдаланушыларының жеке деректеріне ғана емес, халық тағдырына, әлемдегі ең ықпалды мемлекеттердің бірі АҚШ елінің тағдырына, яғни сайлау нәтижесіне әсер етті. Бұл істен соң қоғам өте белсенді реакция білдірді. Тақырыптардың бірі фейсбук біздің ақпарат қауіпсіздігімізді қамтамасыз етпейді деген мағына береді, бұл мақала фейсбук логотипі сызылған иллюстрациямен берілді. Шындығында да көптеген адам фейсбуктегі аккаунттарын өшіре бастады.  Фейсбук біздің қауіпсіздігімізге басын қатырмайды, сондықтан біз де одан бас тартамыз деді. Кейін Марк Цукербергтің өзі АҚШ сенатында сөйледі, оған саясаткерлер де сұрақтар қойған. Өте қызық дискуссия болды. Алайда бұл дискуссия мәселенің мәнін ашпады, бірақ барлығы мұның дұрыс емес екенін айтты. Саясаткерлердің өзі фейсбукте техникалық өзгерістер болуы тиіс екенін, заңдарда, соның ішінде ЕЕС елдерінің ақпарат қауіпсіздігі қатысында заңнамалар қайта қарастырылуы тиіс деді. Ангела Меркель Заңға белгілі бір толықтырулар болатынын мәлімдеді. Ал Фейсбук ше? Оның да реакциясы қызық болды. Біз 25 мамырдан бастап күшіне енетін Еуропалық заңдарды қолданысқа енгізетін боламыз, сіздердің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігіне баса мән береміз, ал сіздің ақпараттарыңызды қолданатындарға қатысты барынша айқындылық принциптерін ұстанатын боламыз. Алайда, байқасақ, фейсбуктің сөзі мен ісі қабысып жатқан жоқ. Мысалы Фейсбуктің айтқанындай Еуропаның заңнамасын бүкіл әлемге қолданамыз дейді. Бірақ бірнеше аптадан соң, Фейсбук пайдаланушыларымен шарттарына өзгеріс енгізді. Енді пайдаланушылармен екі түрлі шарт бар. Бірі еуропалықтарға арналған, енді бірі еуропалықтарға арналған. Демек, екі шарт екі түрлі. Еуропалық шарттар қатаңырақ. Ал қалған елдер америкалық вариантқа қол қойылады. Фейсбук бұл қадамға ерікті түре барып отырған жоқ. Фейсбук деректерді қорғауға қатысты не істеуі керек деп ойлайсыз? Cambrige Analitic әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба? Қоғамның басым  бөлігі фейсбукты айыптады, мүлдем бас тартамыз деді. Ал сіздердің араларыңызда аккаунтын өшірген адам бар ма? Уақыт өте бәрі ұмтылып өз орнында қалды. Ал түптеп келгенде қоғамның өзі де уәдесін ұмытып кетеді емес пе? Германиядағы танымал PR агенттік бүгінгі деректер проблемасы жалпы жағдайға әсер етпеуі керек. Біз шындап келгенде өз жайлылығымыздан бас тартқымыз келмейді ғой. Біз мұндай жанжалды ұмытып кетеміз ғой. Ал Фейсбук мұндай өзгерістерге құлықсыз барады. Біздің деректерімізге ие үлкен алпауыт компаниялар бұрыс әрекет еткенде, әрине, біз оларға ескертіп отыруымыз керек. Талап етуіміз керек. Бұл деректерді қолданатындар айқын болуы керек. Алайда біз өз деңгейімізде де белгілі бір қадам жасап, әрекет етуіміз керек. Біреуге саусақпен нұқып көреткен оңайырақ, әрине. Мен жаңа әлеуметтік желіге тіркелгенде шынымды айтсам шарттарын мұқият оқимын деп айта алмаймын. Ал адамдар өз жеке деректерін қорғағысы келсе, оның талаптарын мұқият зерттеуі тиіс. Өз кезегінде олар да белгілі нормаларды, стандарттарды орындауы тиіс, мүмін этникалық нормалар болсын. Сонда біз басқалардың да біздің құқықтарымызды бұзғызбаймыз. Ақпарат қауіпсіздігі мәселелерін басқаларға артқаннан бұрын алдымен өзіңіз де әрекет етіңіз.  

Factcheck.com.ua бас редакторы (Украина) Олександр Гороховский Фактчек – манипуляция және фейктерге қарсы күрес құралы туралы:

 Фактчек көпшілік алдындағы сөзде манипуляцияны, шындық пен жалғанды нықтайтын құрал. Фактчек тек жалғанды анықтап қана қоймайды, бұл кез келген спикердің сол саладағы біліктілігін, білімін көрсетеді. Бастапқыда бір шындық пен жалқанның қарасын айырып, манипуляцияны айыруға тырыстық. Ақпарат айдынында аса қауіп төндіретіні фейк жаңалықтар. Қазіргі кезде жаңалықтарды рас, өтірік деп айту жеткіліксіз. Фейк дегеніміз жалған ақпаратты алдын ала жоспарлап, белгілі бір нәтижені көздей отырып саналы түрде жалған ақпаратты тарату. Бірде Украинадағы бұқаралық ақпарат құралдарының бірінде «былтыр Украинада оффшорға 15 млн астам АҚШ доллары жөнелтілді. Бұл еліміздің ішкі ақшасының сыртқа ағылуының ең үлкен жағдай» деген ақпарат тарады. Бұл ақпаратты 7 саясаткер қайталап, 9 бұқаралық ақпарат құралы көшіріп басты. Біз әрине өз ресурсымызда мұның анық-қанығын анықтап, бұл дерекке жалған деген вердикт шығардық. Қарапайым оқырман емес, журналистер, тіпті белді саясаткерлердің өзі осындай айқайлаған жалған деректерді тексеруге сауаты жетпейді, оларды өз мақалаларында, спичінде пайдлануға арланбайды. Әлеуметтік тақырыптағы фейктердің бір мысалы ретінде мына ақпаратты айта аламын. "Украинада нақты қанша адам тұратыны белгісіз... Нан мен астық тұтыну бойынша бір халықаралық ұйым азық-түліктің шығынына қарап елде қанша адам тұратынын анықтайды. Бұл бағалауға сәйкес елімізде 23,5 млн адам тұрады. Шын мәнсінде ұйымның аты БҰҰ азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы. Дереккөз атауы тұрмыстық тілге бейімделген және сенсациялық факт қосылған. Бұл ақпарат көптеген ақпарат құралдарында таратылды. Көбіне саясаткерлер, спикерлер өз сөзінде тіпті жарты сағаттық спичінде небары 5-7 факт қолданады. Көбіне біз осы факт төңірегінде ғана жүреміз. Ал шын мәнсінде жарты сағат бойы бізге не айтты? Әдетте осы жұмсақ ақпараттың ішінде манипуляция да, жалған ақпарат та көп. Ақпараттың анық-қанығы тек журналистерге емес, оқырманға, саясаткерлерге, сарапшы мамандарға да өте қажет. Сондықтан жалған деректермен күресуді бүгінгі ақпараттық қоғамның басты мәселесі дер едім.

Бөлісу: