Ақырзаманға апаратын 10 технология

19 Шілде 2018, 12:40 8768

Өсу әлде өшу?

Ғалымдардың тоқтаусыз ашып жатқан жаңалықтары бір күні цивилизацияның шегіне жетіп тоқтайтын шығар. Homo sapiens-тің де ойлап тапқан ойындарынан қауіп күтуге болады. Сонымен, бізді ақырзаманға қандай технологиялар жеткізеді екен?

Қару-жарақ шығарудағы нанотехнология

Нанотехнология көп қырлы сала. Оның негізгі мақсаты адамдардың бүгінгі өміріне елеулі өзгерістер енгізу, жақсы бағытқа бұру. Бірақ, ғалымдар бұл технологияны қару-жарақ шығаруға пайдаланып жатқан секілді. Ал одан келетін қауіптің қаншалықты екенін елестетіп көріңізші. Наноматериалдардан жасалған жоғары сапалы қарулар арам пиғылды адамдардың қолына түсіп, олардың биомассаны көгал шапқыш машиналар секілді қырып тастамауына кім кепілдік береді?

Санасы бар компьютерлер

Жасанды интеллекттің дамығаны соншалық машиналар адамдарды танып, түсініп, ақпараттарды қабылдай алатын дәрежеге жетті. Әрине, ғалымдар әзірге адам санасының жасанды түрін жасай қойған жоқ. Десе де, зерттеулер мұнымен тоқтайтын түрі жоқ. Адам санасының көшірмесін машинаға өткізу расымен де, миға сыймайтын дүние секілді. Бірақ, болашақта біздің ақылымыздан да асып түсетін компьютерлер пайда болатынына еш күмән келтірмеңіз.

Жасанды интеллект

Толық жасанды интеллекттің жасалып жатқаны рас, бірақ келешекте ол өздігінен дамып, жетіліп, тіпті эволюцияланады. Бұл жоғарыда айтылған мысалдан да қорқынышты екенін жасырмаймыз. ЖИ қазірде инвестиция мен кәсіпкерлер үшін ең перспективалы сала болғандықтан, оның зерттелуіне шелектеп қаржы құйылып жатыр.

Толыққанды роботтар

Жасанды интеллект туралы, оның қандай мүмкіндіктері барын тоқтаусыз айтып жатырмыз. Әрине, ол қолданысқа енсе, роботтардың «құдайы берді» деп ойлаңыз. Қазірдің өзінде американдық әскерилер түрлі автоматтарды, машиналар мен танктерді сынақтан өткізіп жатыр. Олар ұшқыштың көмегінсіз өзі қимылдап, дұшпанның көзін жоя алады.

Патогенді вирустар

Эбола, H1N1 секілді вирустар жайден-жай пайда болмайтынын біліп пе едіңіз? Ол биологиялық қару ретінде шығарылып, дүние жүзінің әр жерінде тәжірибеден өткізілуі мүмкін. Біздің бұл пікірімізбен келіспейтіндер табылатын шығар, бірақ зертханаларда түрлі вирустардың жасалып жатқаны анық.

Уақытқа саяхат

Дәл қазір уақытқа саяхат жасау мүмкіндігін тек фантастикалық жанрдағы фильмдерін көре аламыз. Ғалымдардың осы бағытта қаншама зерттеу жасап келе жатқанына қарамай, уақыт пен кеңістікті ұштастыру идеясы іске аспай тұр. Дегенмен, олар бір күні дегендеріне жетпей тынбайды. Уақыт машинасына мініп, келесі ғасырды, арғы жүз жылдықты көріп қайтуға мүмкіндік туады.  

Көз жанарын сканерлеу

Нидерланды елінде адамның көз жанары арқылы оның не қалап тұрғанын түсіне қоятын құрылғы жасап жатыр. Pizza Hut осы сканер арқылы «керемет пицца» әзірлемек. Яғни, сіз ингредиенттерге қарасаңыз болды, компьютер көз жанарыңыз қайсысына көбірек тоқталғанын біліп, ойыңыздағы асты алдыңызға әкеледі.

Адам санасына ену

Нейробиологтардың үлкен тобы адам санасын интернетке жалғау үшін еңбектеніп келеді. Мәселен, сіз бірнәрсе туралы ойласаңыз болды, ол бірден жүйеге ене қояды да, дерекқорда мәңгілікке сақталып қалады. Ғалымдар бұл жолды ойлап тапса, ол жақтан кері қарай адам санасына басқа деректерді құюға да мүмкіндік болады деген сөз.

Виртуалды түрмелер

Адам өмірінің ұзақтығы 100-200 жылға дейін ұзаруы ықтимал. Соған байланысты зерттеушілер түрмедегі заңдылықтарды өзгертуді ойластырып жатыр. Барлығына орын жетпегендіктен, қылмыскерлерді виртуалды түрде «қамауға» алуға болады. Жазасын өтеушілерді енді санасы арқылы ұстап отырады. Заңды бұзушылар үшін ең қатал жаза осы шығар.

Генетикалық түрлендірілген өсімдіктер

ГМО-ны қолдану адам денсаулығына айтарлықтай зардабын тигізіп жатыр деп ойлайтындар көп. Енді, осы түрленген өсімдіктердің ашық ауада өсірілуі басқа да аурулардың дамуына алып келуі ғажап емес. Мутацияларды бақыламаудың соңы неге апарар екен?

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: