«Әкімнің бастамасы». Антикор Шымкентте жиналыс үстінде ұсталған шенеунікке қатысты пікір білдірді

9 Ақпан, 10:09 1790

Жиналыс үстінде тұрғын үй басқармасы басшысын ұстап әкету әкімнің ұсынысын болуы мүмкін, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов мұндай іс-шара алдын ала келісім бойынша жүргізілетінін атап өтті.

Жемқорлыққа қарсы қызмет ашық жұмыс істейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті (оқиға орнына) шақырғанда жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Бұл қала әкімінің бастамасы болуы мүмкін, - деді ол.

Айт кетейік, 6 ақпанда Шымкент қаласында шенеунікті Антикор қызметкерлері жиналыс үстінде алып кеткен болатын. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: