Әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керек – Тоқаев

11 Шілде 2023, 14:05 595

«Астананың мәртебесі туралы» заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажет. Президент бұл туралы Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорданы дамытуға қатысты барлық мәселені жан-жақты ойластырып шешу маңызды. Ол үшін «Астананың мәртебесі туралы» заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажет. Заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз:

Сонымен қатар әрбір азаматтың тұрмыс сапасын жақсарту басты міндет екенін тағы бір еске салды.

Астана тұрақты даму үшін оны тиімді әрі сапалы басқару қажет. Жалпы, Астананы өркендету үшін, ең алдымен, әкімдік, кәсіпкерлер және тұрғындар арасында сенімді серіктестік орнату қажет. Басты міндет – әрбір азаматтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осыны дұрыс түсінген жөн, - деді Тоқаев.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: