Ұлытау облысы әкімдігі өңірде жанар-жағар май тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда облыс бойынша 2100 тоннадан астам отын (АИ - 92, АИ - 95, ДО) қоры бар. Оның 1610 тоннасы Жезқазған қаласында. Сонымен қатар, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында 80 тоннаға жуық газ қоры бар, бағасында өзгеріс жоқ.
Жанармай қоры жеткілікті және сатуда шектеу жоқ екенін хабарлаймыз. Ресми ақпарат көздеріне сенім артуларыңызды, қолдан дүрбелең тудырмауды сұраймыз. Жезқазған қаласындағы бір бекетте орын алған өртке қарамастан, жағдай тұрақты және бұл оқиға ешқандай тапшылыққа әкелген жоқ. Тиісті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр және қажетті шаралар қабылданды,-делінген хабарламада.