Әкімдер дер кезінде шешім қабылдаудан қашады - Қ.Тоқаев

19 Сәуір 2023, 12:16 687

Қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау – мемлекеттің басты міндеті. Ал әкімдер – мемлекеттің жергілікті жердегі өкілі. Тиісінше қауіпсіздік мәселесіне да жауапты солар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осылай деген Президент жауапкершілікті өз мойнына алудан қашатын әкімдерді сынады.

Әрбір аймақтың өз ерекшелігі және «әлсіз тұстары» бар. Өкінішке қарай, әкімдер соны біле тұра, алдағы қиындықтарды уақтылы бағамдай алмайды. Жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады, - деді Тоқаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болған. Ал Президенттің атына жазылған арыз-шағымдардың саны үш жылда 2 есе өсті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: