Әкім құрылыс компанияларына ескерту жасады

18 Шілде 2023, 04:10 931

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өз ісіне салғырт қараған құрылыс салушылардың ісі сотқа жіберілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан мәліметке сәйкес, әкім бірқатар тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен тікелей кездесті. Олардың үйлері жеке құрылыс салушылардың кесірінен кешіктіріліп жатыр.

Мәселен олар – "Қазанат-2", "София", "Оазис", "Arai apartaments"" тұрғын үй кешендері. Кесте бойынша көрсетілген уақыттан кешіктірілгенінен бөлек құжат, қаржыландыру және т.б. бойынша проблемалар бар. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кездесуге парламент мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев қатысты, – деп жазды Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында.

Әкім құрылыс салушыларды өзгелердің тағдырына бей-жай қарамауға шақырды.

Егер заңды талаптар орындалмаса әрі кемшіліктер уақытында жөнделмесе, іс сотқа жіберіледі. Материалдар қылмыстық тұрғыда қаралады. Ал нысандар өзге инвесторларға тапсырылады, - дейді Қасымбек.

Осыған ұқсас проблемалар "Сапсан", "Diana", "R-club", "R-club Deluxe", "Әскер 1 және 2", "Ақтау сити" тұрғын үй кешендерінде де бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: