Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әсет Шопанов қызметке тағайындалған күннің ертеңіне жұмыстан кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
3 наурызда оның әкім орынбасары қызметіне тағайындалғаны туралы мәлімет пайда болды. Ал 4 наурызда Әсет Шопановтың бұған дейін көлікті мас күйде басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалғаны үшін қатаң сөгі алғаны анықталды.
Әсет Шопанов Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы Бейнеу ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып бастаған, 2003-2018 жылдары Бейнеу ауданы әкімдігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2018 - 2020 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2020 - 2022 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2022 - 2024 жылдары Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болды.