Әкім 12 жастағы мектеп оқушысын көлігімен қағып өлтірді

7 Қараша 2023, 13:00 956

Жетісу облысында әкім мектеп оқушысын көлігімен қағып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 2 қараша күні кешке Ескелді ауданы Биғаш ауылының тас жолында болды. Анықталғандай көлікті Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова басқарған. Оқиға салдарынан мектеп оқушысы Асыл Тұрсынбай сол жерде қаза тапты.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері кінәлі тарапқа хаттама толтырған. Алайда, оны уақытша ұстау изоляторнына апармай, сол күйі бостандыққа жіберген.

2 қарашада Hyundai Creta дөңгелектері 12 жастағы баланы қағып, өлтірді. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Көлік арнайы автотұраққа орналастырылды. Қазір ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен ҚР ҚК 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр , - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Равиль Ашығали
Бөлісу: