27 Тамыз 2014, 11:18
Қазақ тілін талдап-тануда Байтұрсынұлының еңбегін және бір тұрғыдан ерекше атау керек: ол дұрыс жазылған, жақсы термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша балама ұсынды. Осы күнгі қолданып жүрген Зат есім; Сын есім; Етістік; Есімдік; Одағай; Үстеу; Шылау; Бастауыш; Баяндауыш; Анықтаыш, Сөйлем; Қаратпа сөз; Қыстырма сөз; Лen белгісі; Сұрау белгісі, т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми пән сөздердің баршасын Ахмет Байтұрсынұлы қалыптастырды. Бұлардың барлығы дерлік қазақ сөзінің не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбі жасанды сөздер. Сонылығына, жасандылығына қарамастан, әрқайсысы өзі атаған тілдік категорияны дәл білдіретін (термин) «пән сөзі» болып шыққан. Бұлардың өте сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан өміршендігі дәлелдейді.
А.Байтұрсынұлы терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес, әдебиеттанудың да көптеген терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті шыққан қонымды атаулар болды, сондықтан олар да күні бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Тіпті, ұмыт болған кейбіреулері қайтадан қолданысқа келтіріліп отыр. Ғылымның тек осы екі саласы емес, жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты әлеуметтік терминдердің де көпшілігі А.Байтұрсынұлы қа- ламынан туып, қазір авторы ұмытылып, жалпы халықтық кәнігі сөздер болып кеткенін де айту керек. Бұл салаларда оның термин жасаудағы ұстанған негізгі принципі – ең алды- мен, қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін пайдалану болды. Кезінде А.Байтұрсынұлын жау етіп танытуға күш салғандардың оған тағатын айыптарының бірі – «А.Байтұрсынұлы термин жа- сауда пуристік бағыт ұстанды яғни қазақ тіліне орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын. Бұл да әрбір іс-әрекеттің байыбына бармай, себебін іздемей берілген солақай саясаттың бағасы. Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз кезеңіне қарап, сол кезеңдегі жағдайға қарай тану керектігін мойындасақ, А.Байтұрсынұлының термин жасаудағы «қазақшылығының» негізі бар екендігін көреміз, ұстанған принципінің дұрыс екендігін танимыз. Ол принцип жас ғылым салаларының терминдерін жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігіне иек артуға негізделді. Сол кезең үшін бұл принциптің ұтымдылығы сауатын жаппай енді ашып, бұрын естіп-білмеген ғылым салаларының ұғымдарын енді-енді игеруге кіріскен қазақ оку- шысы мен оқырманына сол ұғымдарды мейлінше түсінікті етіп жеткізу мақсатының көзделгендігінде. Жасанды болса да оқушының тез жаттығып, есінде жақсы сақтауына, әрі сол сөздің мағынасына қарап, терминдік мәнін өзі аңғарып, игеріп кетуіне мүмкіндік береді. Ғалым осыны білген. Термин жаса- уда ана тіліміздің сөздік қазынасын мейлінше пайдалану – 10- 20-ншы жылдар түгіл, бүгінгі күнде де, яғни дүниежүзі ғылым- біліміне жанасып, орыс тілін жақсы меңгеріп, сол арқылы интернационалдық лексика қорына барып отырған қазіргі кез- де де өнімді, басты амалдардың бірі.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы интернационалдық тер- миндерден де бас тартпаған. Мысалы, 1912 жылдың өзінде «Айқаптың» беттеріндегі мақалаларында грамматика, фо- нетика, морфология деген халықаралық сөздерді қолданған. Әрі қарайғы жазғандарында көптеген интернационалдық терминдердіорыстіліндегіқабылданғантүріндепайдаланғанын көреміз. Мысалы, оның қаламынан шыққан мақалаларда: про- ект, дума, депутат, фракция, доктор, фельдшер микроб, флот, корпус, батарея, шрапнель, солдат, пулемет, завод, те- лефон, телеграм деген сөздерді кездестіреміз. Тіпті, орайы кел- генде өлең шумағында да еуропалық термин сөзді қолданудан қашпайды. Мысалы, «басында сәлде, аузыңда Алла» молдалар туралы:
...Бергенге ұжмақ,
Бермесе дозақ
деп үйретер халыққа. Ұжмақтың кілтін,
Алланың мүлкін Арендаға алып па?... –
дейді.