Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері

27 Тамыз 2014, 11:26

Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері

Ғалымның тіл үйретуде «Оқу құралы», «Тіл – құралды» жа- зумен шектелмей, қолданбалы грамматиканы да жазған. Бұл жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді екі кітап етіп 1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарған. Жұмыстың ІІІ- бөлімін де жазуға тиіс болғанмен, сірә, оны жазып жарыққа шығарыпүлгермей, 1929 жылы ұсталыпкеткені байқалады.«Тіл жұмсардың» 35 беттік І-бөлімі «Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы танытатын кітап» деп ұсынылған. І-бөлімде автордың көрсетуі бойынша, «әріптер мен әріп белгілерін, түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем бөлшектерін жаза білуің тәжірибе арқылы (яғни мәтіндермен, сұрау-жауаптармен, т.б.) жұмыс істетіп, үйрету  көзделген. Ал ІІ-бөлімде «І бөлімдегілердің көбі қайта келеді, бірақ олар пысықтау ретінде емес, ондағы білімдерді тереңдетіп, аудандарын кеңейтіп, білдіру ретінде келеді». Кітапта оқушыларға мәтіндер ұсынылады, оларды көшіру, сұрақтарға жауап жазу, сөз туғызу сияқты тапсырмалар беріледі.

А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту методикасы мен қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізгі іргетасын қалаушы. Ғалым бұл салада 1910 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған. Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методика- лық құрал тұңғыш әліппемен («Оқу құралымен») қатар дү- ниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін және бір факт – осы «Баяншының» 1920 жылы Қазанда шыққан басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады, ал оның бала оқытқан кезі –1895-1909 жылдар болатын. Демек, «Баяншыны»  ол  1910-1912  жылдары  ұсынған.  Бұл  көлемі  жағынан өте шағын (небары 15 беттік кітапша), бірақ нағыз методикалық құрал.

Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын А.Байтұрсынұлы «Әліпби астарың" атты еңбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жылдары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерт- теу мен сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің әдісі» деген методи- ка мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды. Мек- теп балаларына арналған оқулықтарында А.Байтұрсынұлы иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен тәрбиелік әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген. Автор  жалпы  оқулыққа тән «жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге» принципін ұстаған. 1-басқыш мектеп (яғни бастауыш мек- теп) балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына таныс (үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген) мақал-мәтел, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Солардың барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті тағы да сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең-жыр жолдары болып келеді. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықтап, өзі жасаған мәтіндер ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып, олардын арман-тілегін, талап-талпынысын, т.б. танытатын шағын әңгімелер түрінде беріледі.

"Ел-шежіре"

Бөлісу: