Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал»

27 Тамыз 2014, 10:43

Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл – құрал»

«Тіл – құрал» 

1912 жылы  мектеп  балаларын  қазақша  сауаттандыра- тын әліппені («Оқу құралын») жазғаннан кейін, көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы... Сөздік жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін білу керек болғандықтан, «қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек» дегенді өзіне міндет етіп алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл – құрал» деген атпен үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған І-бөлімі алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Одан әрі қарай жөнделіп, толықтырылып бірнеше рет басылды. 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-нші деп көрсетілген.

Қазақ тілінің морфологиясына арналған ІІ-бөлімі бұдан бір жыл бұрын 1914 жылы баспадан шыққан. Ол да қырналып, толықтырылып бірнеше рет (1927 жылғысы 6-басылым) қайта басылған. Синтаксиске арналған ІІІ-бөлімі де 1916 жылдан бастап 6 рет басылған.

«Тіл – құрал» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден ойып- үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей- көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітаптың «Сөз басында»: «Тіл – құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатынң дейді. Шы- нында да ол жат болмақ түгіл, бірте-бірте соншама үйреншікті, қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиелеген, 14-15 жыл бойы мектеп оқушыларына ана тілінің табиғатын танытқан ет бауыр дүниеге айналды: «Тіл – құрал» десе, жұртшылық қазақ тілі оқулығын, оқулық десе, тек қана Ахмет Байтұрсынұлын білетін болды.

«Тіл – құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш мектепке яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкірттерге арналғаны- мен, бұл – қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытқан қазақ тіліндегі тұңғыш ғылыми жұмыстың басы болды. Бұл оқулықтар – «Қазақ тіл білімі» атты ғылым саласының ана тіліміздегі дұрыс жазылған, жақсы бастамасы, өйткені, қазақ тілінің дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз топтарын ажыратып, сөз тұлғаларын көрсетуде де, сөздердің септелу, тәуелдену, жіктелу тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да бүгінге дейін А.Байтұрсынұлының аталған оқулықтарының негізі сақталып келеді. Тілдік әр категорияның классификациясынан бастап, барлық терминдеріне дейін қазіргі мектеп оқулықтарында А.Байтұрсынұлының ізі бар.

"Ел-шежіре"

 

Бөлісу: