Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы кейінге шегерілді

3 Қыркүйек 2022, 22:22 1025

Алапат өрттің өршуіне байланысты ауыл тұрғындары эвакуацияланды.

Бұл туралы El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– Қостанай облысындағы өртке байланысты Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар кейінге шегерілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ алапат өрттің өршуіне байланысты ауыл тұрғындары эвакуацияланды.


Бөлісу: