Әкесінің қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді соққыға жыққан

20 Қыркүйек 2023, 09:50 1880

Талғарда әкесі қайтыс болғанын естіген ер адамдар дәрігерлерді ұрып тастаған. Оқиға Талғар аудандық орталық ауруханасында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, әкесінің өмірден өткені туралы қайғылы хабарды естігеннен марқұмның ұлдары қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәліктің ресімделуін күтпестен, реанимация бөліміне баса-көктеп кірген, реанимация бөлімінің дәрігері мен меджігітті ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап, оны орталық аурухананың аумағынан медициналық каталкаға салып алып кеткен.

Зардап шеккен дәрігерлерге бірден медициналық көмек берілген. Алайда қазір бөлімшенің анастезиолог - реаниматолог дәрігерінің жағдайы ауыр.

Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов дәрігерлерді ұрған адамдардың ұсталғанын хабарлады.

19 қыркүйекте сағат 10:35 шамасында, Талғар ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне қалалық ауруханасының 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудандық полициясында тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 жылғы Ш. есімді және 1994 жылғы Н. есімді күдіктілерді анықтап, ұстады, - деп жазды ПД басшысы.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объектив зерттеу үшін сараптамалық тексерулер тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ (@talgarskaya_crb)

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: