Әкесі жаңа туған баласының денесін әжетханадан тауып алған

14 Ақпан, 11:52 2355

Ер адам өзінің жаңа туған нәрестесін қазылған құдықтан тауып алған. Бұл туралы Gazeta.Ru-ға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресейдің Ленинград облысына қарасты Ломоносов ауданындағы жеке үйде тұратын отбасы егіз күтіп жүрген. 34-аптада жүкті әйелдің толғағы қысып, ол мерзімінен бұрын босанған.

Жедел жәрдем келгенге дейін ол сырттағы әжетханаға барып, сол жерде босанып қойған. Оқиға орнына келген дәрігерлер анасы мен баласын перзентханаға алып кеткен.

Сонан соң сол үйдің отағасы әжетханаға барғанда құдықтан нәрестені көрген. Сәбидің өліміне не себеп болғанын анықтау үшін оның денесі сараптамаға жіберілген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: