Әкесі үйіне қонбаған қызын бауыздап, денесін мотоциклге байлап сүйреген

14 Тамыз 2023, 17:00 1762

Үндістанда әкесі қызын жауыздықпен өлтіріп, сонан соң денесін мотоциклмен ауыл ішінде ары-бері сүйреген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұндай әрекетті ол өзге қыздарға сабақ болсын деп жасағанын айтады. Жантүршігерлік жағдай Үндістанның Пенджаб штатындағы Мучхал ауылында болған.

Оқи отырыңыз:

The Times of India мәліметінше, 16 жастағы қыз бала үйінен шығып кеткен соң ертеңіне бір-ақ оралған. Қызының бұл әрекетіне ашуланған әкесі оны ұрып-жығып, пышақтап тастаған. Сонан соң мәйітін мотоциклге байлап, ауыл ішінде сүйреген. Кейіннен мәйітті теміржолға тастаған.

Дегенмен ер адам бұл әрекетіне еш өкінбейтінін, керісінше, өзін «ардың адамы» санайтынын алға тартқан.

Қазір ол қамауға алынған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: