Ер адам 22 жастағы қызын үйдің қонақ бөлмесінде орамалмен тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Тұрақұрған ауданының «Исвахон» махалласында болған. Қайғылы оқиғаға қызының өзі айтқан адамға күйеуге шығудан бас тартып, басқа жігітпен кездесіп жүргені себеп болған.
Ер адам қызын орамалмен бірнеше минут тұншықтырған, бірақ оның әлі тірі екенін көріп қолымен тұншықтырып, өлтірген. Қыз қайтыс болғаннан кейін әкесі қызының денесін жертөлеге апарып тастап, қылмысын жасыру үшін көмекке көршісін шақырады. Көршісі оны полицияға баруға көндірген.
Сотта ер адам өзінің кінәсін мойындап, қатты өкінді. Марқұмның анасы күйеуін кешіргенімен, лайықты жазасын алғанын қалайтынын жеткізді.
Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оны он жылға бас бостандығынан айырды.