«Әкем – балабақша күзетшісі». Депутат Дәулет Мұқаев ата-анасы туралы айтып берді

13 Қараша 2023, 12:04 1490

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев «Динамен дұрыс» бағдарламасына берген сұхбатында ата-анасы жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкем – балабақша күзетшісі. Бұған дейін ол әртүрлі жерде жалдамалы жұмысшы болып істеді. Мен өзімнің қазағыма «балаларыңызға инвестиция салыңыздар, дұрыс тәрбие беріңіздер» деп айтқым келеді. Кезінде әкем сол базарда жалдамалы жұмысшы болып, «қазір мені кім алып кетеді, кім жұмыс береді» жүрген кезде анам маған тәрбие, білім берді, - деді депутат.

Дәулет Мұқаевтың анасы адамгершілік қасиеттің бірінші орында тұруы қажет екенін айтқан. Депутаттың сөзінше, ақша, мансап дегеннің барлығы уақытша дүние.

Ата-анама ешқашан ренжімеймін. Айтқанымның бәрін істеуге тырысты, бетімді ешқашан қаққан емес. Олар маған «сен оқыған адамсың, өзің шешім қабылдай аласың. Біз саған батамыз береміз» деді. Үйленгенде де, саясатқа барғанда, сайлауға қатысқан кезде де батасын берді, - дейді Дәулет.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: