«Әке-шешесінің қолын байлап, көзінше өлтіргені өте ауыр». Сенатор Шерзаттың қазасы жайлы

17 Қазан, 17:47 6544

Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы, сенатор Жақып Асанов Талғарда болған қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенатор әлеуметтік желілерде тарап жүрген қауесеттерге жауап береді. Бұған дейін оның Талғардағы кейбір қылмыстық тұлғалармен туыстық қатынасы бары туралы сөз тараған еді.

Мұның бәрі өтірік. Мен оларды білмеймін, көрмедім. Қоғамды адастыратын мұндай ақпарат тергеу жүргізуге кедергі келтіреді, - деді ол.

Тілшілердің «Талғарда туысқаныңыз бар ма?» деген сұрағына «Ешқандай туысым жоқ» деп жауап берді сенатор.

Ол Прокуратурадан соттың ашық өтуін сұрайтынын жеткізді.

Жап-жас мектептегі баланы ересек бірнеше еркектер жабылып ұрып, әке-шешесінің қолын байлап, көзінше өлтіргені өте ауыр. Қазаның жеңілі жоқ дейді. Десе де бұл ауыр жағдай, - деді Асанов.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: