Air Astana ереуілге байланысты Германияға ұшпайтын болды

6 Наурыз, 19:20 1830

Отандық Air Astana әуе компаниясы 2024 жылдың 7 наурызында Франкфурт әуежайында авиациялық қауіпсіздік қызметкерлерінің ереуілі салдарынан KС921/KС922 Астана-Франкфурт-Астана рейстерінің орындалмайтыны туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған рейстердің жолаушыларына тиісті SMS хабарламалар жіберілген.

Бұл рейстердің жолаушыларына сервис ақысынанан басқа билеттің пайдаланылмаған бөлігін толық қайтару, сондай-ақ билеттің құнын толық қайтару немесе 2024 жылдың 14 наурызына дейін орындалатын рейстерге айыппұлсыз қайта брондау қарастырылған.

Әуе компанияға байланысты емес себептермен рейстердің орындалмағанына және соның солдарынан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Билетті қайтару және қайта брондау туралы сұрақтар бойынша әуекомпанияның көмек орталығына хабарласып, рейсттің мәртебесін ресми сайтынан тексеруді сұраймыз» делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: 

Зарина Арман
Бөлісу: