Air Arabia әуекомпаниясына 690 мың теңге айыппұл салынды

23 Ақпан 2023, 11:39 747

Азаматтық авиация комитеті қазақстандық және шетелдік әуе тасымалдаушыларын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының рейс кешігуі жағдайында жолаушыларға қызмет көрсету талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы-Шарджа бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген қызметтерді (алкогольсіз сусындарды) ұсынбауға байланысты ағымдағы жылдың 13 ақпанында Air Arabia әуекомпаниясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 567-бабын бұзғаны үшін 200 АЕК (690 мың теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуге тартылды", - делінген ақпаратта.

Азаматтық авиация комитеті жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарын ұстанатынын және авиатасымалдаушылар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шараларды қабылдайды.

EL.KZ
Бөлісу: