Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елімізге адал қызмет етіп жүрген мемлекеттік органдардағы барлық қызметкерге зор құрметпен алғыс білдіреміз.
Бұл күн – өз ісіне адал, еліміздің дамуына үлесін қосып, мемлекет үшін тынбай еңбектеніп жүрген қызметкерлердің беделін айшықтайтын мереке.
Сіздердің қажырлы қызметтеріңіздің арқасында жемісті нәтижеге жете аламыз.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі құтты болсын! – деді Балаева.