Аида Балаева Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын айтты

Бүгiн, 11:32 236

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 1 тамызда өтетін әлемдік деңгейдегі мегажұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне билет алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, Дженнифер Лопес — бүкіл әлемге танылған, өнері мойындалған әнші, сондықтан оның тыңдармандары да сан алуан.

Мен Дженнифер Лопестің концертіне қуана барамын. Өйткені ол әлем мойындаған талант иесі, жанкүйерлері де өте көп. Оны сахнада өз көзімізбен көргім келеді. Концертке билет алып, балаларыммен бірге баруды жоспарлап отырмын, — деді Аида Балаева Үкіметте өткен брифинг барысында.

Сонымен қатар министр мұндай ірі халықаралық жобалардың Қазақстанның мәдени беделін көтеріп, елді шетелге кеңінен таныта түсетінін атап өтті. Ол Димаш Құдайбергеннің концерті кезінде де шетелден көптеген қонақтар келгенін еске салып, болашақта Шакира мен Лара Фабиан сынды әлемдік жұлдыздарды Қазақстан сахнасынан көруді қалайтынын жеткізді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: