Аида Балаева азаматтарды жеке қабылдады

18 Қараша, 21:04 345

Мәдениет және ақпарат министрлі Аида Балаев азаматтарды жеке қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгіленген тәртіпте мәдениет пен өнерге, кино мен креативті индустрияларға қатысты мәселелер қаралды.

Министр келіп түскен өтініштерге нақты әрі егжей-тегжейлі жауап берді. Қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді назарға алатынын айтты. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді,-деп атап өтті министрліктен.

Айта кетейік, министрдің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты түрде өткізіледі.

Зарина Арман
Бөлісу: