Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында мәдени және қоғамдық өмірдегі түрлі салалар бойынша бірқатар мәселелер талқыланды. Қабылдау онлайн және офлайн форматта өтті.
Министрлік мәліметінше,өтініш білдіргендердің қатарында шығармашылық зиялы қауым мен қоғамдық ұйым өкілдері болды. Қатысушылар шығармашылық жобаларды дамыту, еске алу іс-шараларын ұйымдастыру, сондай-ақ кітап шығаруды қолдау секілді тақырыптарды қозғады.
Ведомство басшысы өтініш білдірген азаматтарды тыңдап, мәселелерді одан әрі қарау үшін комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.