Аида Әбікеева әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Кеше, 21:29 329

Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының спортшысы Аида Әбікеева ширек финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

63 келі салмақ дәрежесіндегі қазақ боксшысы байрақты бәсекенің алға жекпе жегінде Қытай қызын 5:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз келесі айналымда Түркия спортшысымен шаршы алаңға шығады.  

Бұған дейін дәл осы әлем чемпионатында спортшы қыздарымыз Алуа Балқыбекова мен Виктория Графеева да ширек финалға жолдамаға алған болатын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: