АЭС- тің жұмыс істеу мерзімі 60 жылға жетеді - Қытайдың ядролық энергетика маманы

30 Қараша 2023, 11:30 2099

Қытайдың ядролық энергетика маманы Фэй Джисун АЭС-тің жұмыс істеу мерзімі 60 жылға жететінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

CNNC Overseas компаниясының бас директорының орынбасары Фэй Джисун қазақстандық делегациямен кездесу барысында елімізде АЭС салынған жағдайда оның жұмысына қанша жыл кепілдік берілетінін айтты.

АЭС-тің трубина бөлімі бойынша гарантия уақыты - 27 ай. Ядролық бөлімге - 36 ай, демек реакторларға 3 жыл уақыт беріледі. АЭС-тің эксплуатациясы 60 жылға беріледі.Жобаның құрылысы басталған уақытты қосып есептегенде АЭС-ті 60 жыл қолдануға болады. 60 жыл өткеннен кейін де оның жұмысын 100 жылға дейін созуға мүмкіндік бар. Оған қоса жұмыс күші де артады. Атап айтқанда мұнда бір ғана емес, тіпті үшінші ұрпағымызға дейін жұмыс табылады,- деді Фэй Джисун.

Ол  АЭС ұзақ мерзімде сапалы жұмыс істеуі үшін құрылыс алаңын дұрыс таңдау керек екенін айтты. Сонымен қатар Джисун Қазақстанмен серіктес болуға дайын екенін жеткізді.

Біріншіден, АЭС-ті салу барысында ядролық қауіпсіздіктің сақталуы өте маңызды. Ол - ең бірінші кезектегі жұмыс. Бұл шараны АЭС салу үшін таңдалған құрылыс алаңынан бастау керек. Бұл жерде қазақстандық мамандар климатқа, биологиялық тұрғыға және экологияға қарай дұрыс таңдау керек. Сонымен қатар, біз сіздермен бірлесіп жұмыс істеу барысында құрылыс кезінде жергілікті өңірге сай қандай құрылғыларға жүгінгендеріңізді, дұрыс техниканы пайдаланғандарыңызды және аналитикалық есеп жүргізу маңызды,- деді қытайлық маман.

Миражан Махан
Бөлісу: