«Фукусима-1» атом электр станциясынан мұхитқа су ағызғаны үшін Гонконг әкімшілігі Жапонияның 10 префектурасынан, соның ішінде Токио мен Фукусимадан теңіз өнімдерін импорттауға тыйым салады. Бұл туралы «Синдао жибао» газеті хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Басылым мәліметінше, тыйым 24 тамызда күшіне енеді.
Бейсенбі күннен бастап Жапонияның 10 префектурасынан, атап айтқанда, Токио, Фукусима, Тиба, Тотиги, Ибараки, Гумма, Мияги, Ниигата, Нагано мен Сайтамадан теңіз өнімдерінің импортына тыйым салынады, – дейді Гонконгтің қоршаған орта және экология министрі Се Чжаньхуань.
Дегенмен тыйымның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.