АЭС салынса, мамандарды қалай дайындаймыз? Сарапшы жауап берді

27 Тамыз, 12:30 1070

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев жоғары білімді кадрларды дайындау ешқандай қорқынышты дүние еместігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының сөзінше, бүгінгі таңда елімізде атом энергетикасын дамыту үшін қажетті кадрлық әлеует пен ғылыми-зерттеу базасы бар.

Үш оқу орталығы МАГАТЭ (Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі) көмегімен АҚШ-та энергетика министрінің қаржылық көмегін ашқан. Үш орталықта қазіргі таңда Қазақстанның атом саласы үшін 5 мыңнан астам маман даярланған. АЭС үшін бар болғаны 1 400 адам қажет, – деді Саябек Сахиев.

Сондай-ақ сарапшы 2023 жылдың қыркүйегінде МАГАТЭ-нің 67-ші Бас конференциясы аясында Қазақстан мен француздық I2EN консорциумы арасында АЭС үшін кадрлар даярлау бойынша меморандумға қол қойылғанын жеткізді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: