АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс беру басталды

6 Қазан, 07:01 605

Елмізде барлық референдум учаскелерінде атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум өз жұмысын бастады. Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы референдум учаскелерінің жалпы саны 10 мыңнан асады. Оның 74-і шет елдерде орналасқан. Науқанға 30 шет мемлекет пен 4 халықаралық ұйым атынан 177 байқаушы қатысады. Дауыс беру нәтижесі 7-12 қазан аралығында жарияланады. 

Айта кетсек, Қазақстанда 12 244 683 адам референдумда өз таңдауын жасау құқығына ие.

Перизат Саденова
Бөлісу: