АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

27 Шілде 2023, 14:45 893

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тыңдау мекенжайы және өтетін орын: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылындағы орта мектептің мәжіліс залы. Күні мен уақыты: 2023 жылғы 22 тамыз сағат 11.00, - делінген хабарламада.

Бұған дейін қоғамдық тыңдау 28 ақпанға жоспарланған еді, бірақ кейін шегерілді.

Еске салайық, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтпейді.

EL.KZ
Бөлісу: