АЭС құрылысына 15 жылдай уақыт кетеді – министр

1 Қыркүйек 2023, 15:54 913

АЭС құрылысы қанша жылды қамтуы мүмкін? Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атом электр станциясының құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында айтқандай, енді АЭС құрылысына байланысты референдум өтеді. Соның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Жалпы, атом электр станциясының құрылысы туралы шешім қабылданған сәттен бастап шамамен станция құрылысына орташа алғанда 15 жылдай уақыт кетеді. Соның ішінде 3-4 жыл жобалауға, технологияны таңдауға кетеді. 12 жылға дейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Яғни бұл қысқа мерзімді қамтитын процесс емес, - деді ведомство басшысы.

Миражан Махан
Бөлісу: