АЭС құрылысы Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді – министр

30 Қыркүйек, 19:38 879

Су ресурстары және ирригация министрі Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, атом электр станциясының қажеттілігі үшін су тұтыну көлемі Балқаш көлінің деңгейіне айтарлықтай әсер етпейді.

Салқындату үшін бір су бірнеше мәрте пайдаланылады. Сонымен қатар пайдаланылған су басқа су нысандарына жіберілмейді. Біздің министрлік көл деңгейі мен атом электр станциясының су тұтыну көлемін тұрақты мониторингін жүргізетін болады. Оның ішінде су ресурстары ақпараттық-талдау орталығында деректерді жинау және есепке алу құралдарын енгізу арқылы да есеп жүргізетін болады, - деді Нұржан Нұржігітов.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Балқаш көліне 12 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл қалыпты деңгейді ұстап тұру үшін жеткілікті көлем болып табылады.

Зарина Арман
Бөлісу: