Астанада ATP 250 санатындағы турнирі аяқталды. Сондай-ақ жекелей және жұптық сындағы финалдық матчтар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекелей сында 35 жастағы француз теннисшісі, әлемнің 34-ракеткасы Адриан Маннарино 23 жастағы АҚШ өкілі, әлемнің 28-ракеткасы Себастьян Корданы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Бұл - Маннариноның карьерасындағы төртінші ATP 250 титулы.
Франциялық теннисші осымен Astana Open турнирінің финалына үшінші рет шығып отыр. Ол 2020 жылғы финалда Джон Миллманнан (Аустралия) 5:7, 1:6 есебімен жеңіліп қалды, ал былтыр ол жұптық сын бойынша финалға дейін жетіп, онда отандасы Фабрис Мартинмен бірге хорватиялықтар Никола Мектич/Мате Павичтан жеңіліп қалды (4:6, 2:6).
Ал биыл жұптық сында америкалық теннисшілер жеңімпаз атанды. Натаниэль Лэммонс пен Джексон Уитроу хорватиялық Мэте Павич пен аустралиялық Джон Пирсті 7:6 (7:4), 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.