Әділет вице-министрі «Е-Заңнама» жүйесінің артықшылықтарын айтты

6 Маусым 2023, 17:46 996

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова министрліктің «Е-заңнама» жүйесін әзірлеп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Вице-министрдің айтуынша, 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет көрсетуші болып «Алсеко» АҚ анықталды. 2023 жылғы қаңтарда «Е-заңнама» СБӨ өнеркәсіптік пайдалануға уақтылы енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі жоспар бекітілді.

Жоспарда ағымдағы жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде мынадай функционалды тәжірибелік пайдалануға енгізу көзделген: «Рөлдер мен пайдаланушыларды басқару»; «Заң жобасын МО және НТ-мен келісу»; «Ғылыми сараптама жүргізу»; «Заң жобасын РБК-мен келісу»; «ҮА және ПӘ-да заң жобасын келісу»; «Парламентте заң жобасын қарау және Заң қабылдау», - деді вице-министр.

Бастапқыда министрлік құрылымдық элементтер бойынша НҚА жобаларының мәтіндерін қалыптастыру, есептілікті қалыптастыру және талдамалық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін қамтитын Талдамалық бөлімге баса назар аудара отырып, функционалдылықты іске асыруды жоспарлаған.

Алайда, жүйені іске асырудың қысқа мерзімдерін, сондай-ақ жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу мерзімін бұзу тәуекелдерін ескере отырып, Министрлік басшылығы қолда бар бизнес-процестерді автоматтандыруды көздейтін функционалды іске асыру және Documentolog компаниясының пайдасына «Алсеко» АҚ қызмет Көрсетушісімен жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп түсіндірді Алма Мұқанова.

Documentolog компаниясы қазірдің өзінде мемлекеттік органдардың басым көпшілігімен өзара іс-қимыл жасайды және жақын арада Үкімет аппаратына, Президент Әкімшілігіне және Парламент Палаталарына «бұлтты құжат айналымы» жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Documentolog компаниясы жүйеге қажетті функционалдылыққа ие.

Бүгінгі таңда Әділет министрлігі Documentolog-пен бірлесіп заңнамалық актілердің өмірлік циклін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. РСКҚ қалыптастыру бойынша функционал әзірленді. Заңнамалық актілерді қалыптастыру, келісу, енгізу, қол қою бөлігінде функционалды әзірлеу жүргізілуде.

Өнім берушінің ауысуына байланысты Президент Әкімшілігі қызмет көрсетуші ауысымының негіздемесін ұсынуды және жүйені әзірлеу бөлігіндегі іс-шаралармен мемлекеттік аппараттың «ББҚ» модулімен бірыңғай орталықтандырылған бұлтты құжат айналымына көшуі және тапсырмаларды өтпелі бақылау мүмкіндігі бойынша Жол картасын толықтыруды тапсырды, - деп толықтырды вице-министр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: