Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев қызметінен босатылды

9 Қаңтар 2023, 09:44 805

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызмет мәлім етті

ҚР Үкіметінің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастаған.

2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР Әділет вице-министрі.

EL.KZ
Бөлісу: