Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі елге жеткізіледі

10 Ақпан 2023, 17:12 1928

Түркияда зілзаладан қаза тапқан отандастарымыздың денесі 11 ақпанда елге жеткізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қаза тапқандар Әділ Қадырбеков пен Ерболат Құрмашевтың денесін Отанға жеткізу үшін барынша көмек көрсететінін айтты.

“Біздің отандастарымыздың денесі 11 ақпанда Анталья-Алматы ұшағымен жеткізіледі деп күтілуде. Барлық шығындарды мемлекет өз мойнына алады”, -деді Айбек Смадияров.

Осыған дейін Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Сонымен қатар Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды.

Түркияда жойқын зілзаладан қаза болған қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: