Әділ Ғалиахметов шорт-тректен әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бүгiн, 13:34 192

Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен әлем чемпионаты басталды. Турнир аясында ерлер арасындағы 1500 метр қашықтыққа жүгіруден іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ширек финал қорытындысы бойынша қазақстандық Әділ Ғалиахметов келесі кезеңге өтті.

Өз жарысында ол екінші болып мәре сызығын кесіп, әлем чемпионатының жартылай финалына тікелей жолдама алды.

Ал Глеб Ивченко (жарыста үшінші орын) әлем біріншілігінің жұбаныш бәсекесінде жарысты жалғастырады. Егер сәтті өнер көрсетсе, ол да жартылай финалға жолдама ала алады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: