Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құрамамен қатар Грозныйдың «Ахмат» клубын баптайтыны туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туралы ресейлік маман әлеуметтік желіде жазба қалдырды.
Оқи отырыңыз:
Құрметті достар! Соңғы кездері БАҚ-та менің болашағым жайлы ақпарат тарап жатыр.
Менің бар назарым Қазақстан ұлттық құрамасында және біз ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтарға дайындалып жатқанымызды тағы да атап өткім келеді.
Сондықтан іріктеу аяқталғанға дейін бірнеше қызметті қоса атқару не болмаса басқа да мәселелер қарастырылып жатқан жоқ. Мен өз ойымды толықтай жеткіздім деп үміттенемін.
Қыркүйекте бізді Финляндия мен Солтүстік Ирландияға қарсы маңызды ойындар күтіп тұр. Бізге жанкүйерлеріміздің қолдауы қажет. Баршаңызды «Астана Аренада» күтеміз. Алға, Қазақстан! — деп жазды бас бапкер Instagram-да.
Посмотреть эту публикацию в Instagram