Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тапсырылды

Бүгiн, 04:25 176

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыс етті. Стипендия әдебиет пен өнер саласындағы 75 адамға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.

Мемлекеттік стипендия Асанәлі Әшімов, Ілия Жақанов, Бибігүл Төлегенова, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжан, Меруерт Өтекешова, Дулат Исабеков, Төлен Әбдік, Юрий Аравин, Сержан Шәкірат, Амандос Ақанаев, Татьяна Тарская, Гүлвер Разиева секілді әдебиет пен өнер майталмандарына табысталды. Сонымен қатар Канн халықаралық фестивалінің лауреаты Самал Есләмоваға, балерина Татьяна Тенге, опера солисі Мақсат Саматовқа және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Стипендия иегерлері мемлекеттің қаржылай қолдауы арқасында шығармашылықпен алаңсыз айналысуға мүмкіндік алады. Бұл стипендия еліміздегі мәдениет және өнер саласының дамуына ықпал етіп қана қоймай, тың идеялар мен жобалардың іске асуына септігін тигізеді.

Асқар Таудай
Бөлісу: