Адамның көңіл күйін көтеретін жеміс анықталды

27 Қаңтар, 11:07 6357

Кивиді күнделікті тұтыну ағзасында С дәрумені төмен адамдардың көңіл күйін төрт күнде көтеруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

British Journal of Nutrition (BJN) басылымының мәліметінше, Отаго университетінің ғалымдары осындай байламға келген.

Сегіз аптаға созылған зерттеуге С дәрумені жетіспеушілігі бар 155 ересек адам қатысқан. Олар күн сайын витамин қоспасын, плацебо қабылдаған немесе екі кивиден жеген. Бұл жеміс төрт күннің ішінде адамдардың көңіл күйін жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырған. Максималды әсер 14-тен 16-ға дейінгі күндерде байқалды.

Ал С дәрумені көңіл күйді аздап көтергенімен, анағұрлым жақсарта алмаған.

Сарапшылардың пікірінше, зерттеу нәтижелері адамдардың психикалық әл-ауқатын қолдаудың тиімді және қолжетімді әдісін көрсетті.

Жансая Әділбек
Бөлісу: