Адамдардың пейілі мен құндылықтары өзгеріп кетті - Самат Нұртаза

Бүгiн, 10:32 182

Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза қоғамдағы құндылықтардың өзгергенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ қоғамы деп айту дұрыс емес шығар. Жалпы қоғамда, өкінішке қарай, абьюзерлер көп. Отбасы мәселесінде қол көтеретін азаматтар бар екенін ұят та болса айту керек, мойындау керек. Бұл тек қана нақты бір ұлтқа тиесілі емес, жалпы адамзатта мұндай проблема бар. Негізгі себебі – әлеуметтік жағдай мен адамдардағы құндылықтардың өзгеріп, пейілінің өзгеруі. Мысалы, біздің ата-әжелеріміздің кезінде жағдай басқаша болды, біздің кезімізде басқаша. Ал балаларымыздың кезінде қандай болатынын бір құдай біледі, - дейді депутат Самат Нұртаза.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: