Адамдарды құтқарған кентаулық полицей марапатталды

27 Қазан, 15:17 395

Тәртіп сақшысы «Ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Жаса, жайна, Қазақстан!» салтанатты іс-шарасында Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға «Ерлігі үшін» төсбелгісі табысталды.

Полицей екі рет тұрғындарды құтқарып қалды. Пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарды. Оған қоса 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалап қалды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: