Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 51-ші сессиясы өтті

27 Қыркүйек 2022, 16:01 1482

ОмбудсменТұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған жол бермеу тәжірибесі оның нәтижелілігінің төмендігін көрсеткендігін айтты

2022 жылғы 26 қыркүйекте «Тәуекел тобындағы әйелдер мен қыздар. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себептерін жою және құрбандарды қолдау» тақырыбында Женевадағы БҰҰ Тұрақты өкілі және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Азимова Эльвираның бастамасымен адам құқықтары жөніндегі кеңестің 51-ші сессиясы өтті, деп хабарлайды El.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол әрбір әйелдің зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге құқығы бар екенін атап өтті. Бұл әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция және БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою туралы 1993 жылғы декларациясы, сондай-ақ халықаралық деңгейде келісілген басқа да нормалар мен стандарттар сияқты халықаралық келісімдермен расталады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, барлық 3 әйелдің 1-і белгілі бір уақытта отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл зорлық-зомбылықтың көп бөлігі-жақын серіктес тарапынан жасалған зорлық-зомбылық. Бүкіл әлемде қарым-қатынаста болған 15-49 жас аралығындағы әйелдердің үштен бір бөлігі (27%) өздерінің жақын серіктесінен физикалық және/немесе жыныстық зорлық-зомбылықтың қандай-да бір түріне ұшырағанын айтады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық барлық елдерде, тиісті адамдардың класына, нәсіліне немесе білім деңгейіне қарамастан орын алады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары түпкі себептерді жоюға және құрбандарды қолдауды алдын алу және құқықтық шаралармен үйлестіруге тиіс.

Айман Омарова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия қолдайтын «Әйелдер, Балалар, түрмелер» атты жаңа жобасы туралы айтып берді. «Әйелдер және олардың мүмкіндіктерін кеңейту, бейбітшілік пен сот төрелігі тұрақты дамудың жаһандық күн тәртібінің (ТДМ) өзекті мақсаттары болып қалуда. Зорлық-зомбылық құрбаны болған сотталған әйелдер бұл күн тәртібінен шығарылмауы тиіс деп санаймын. Олардың көпшілігі балаларының аналары болып қала береді. Олардың балалары аналық мейірімсіз және қамқорлықсыз өседі», - деп атап өтті А.Омарова.

Адвокат әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тәжірибесімен, әсіресе адвокаттық практикамен алмасу мақсатында БҰҰ органдары мен институттарын және Орталық Азиядағы серіктестерді өңір шеңберінде жобаны қолдауға шақырды.

«Қылмыстылық көрсеткіші және олардың қайталануы отбасындағы зорлық-зомбылықтың жалғасып келе жатқандығын көрсетеді. Өкінішке орай, қолданыстағы қорғау және алдын алу институты жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді», деп хабарлады Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

Омбудсменнің айтуынша, жан-жақты заңнамалық реттеуге қарамастан, екі жылдық тәжірибе олардың нәтижелілігінің төмендігін көрсетеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ағымдағы жылдың 8 айында ғана отбасылық-тұрмыстық салада 590 қылмыс жасалған, ал 2021 жылы олардың саны 636 болған.
Анализ көрсетіп отырғандай, құқық бұзушылық жағдайларының 80%-ы алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды қолданғаннан болған.

Жәбірленуші көбінесе балаларымен бірге туыстарына, дағдарыс орталықтарына барады, бұл балалардың мүдделеріне қайшы келеді және отбасына ауыртпалық түсіреді.

Сот тәжірибесінен мұндай қақтығыстардың негізгі себепкерлері полиция мен соттың назарынан тыс қалатындығын көреміз, осылайша «агрессордың» жазаны сезінбеуі мен жәбірленушінің «әлсіздігі» күшейе түседі.

Отбасылық-тұрмыстық саладағы қасақана зорлық-зомбылық істерінің 45-тен 71%-на дейіні тараптардың татуласуынан кейін тоқтатылады және 60-тан 71%-ға дейінгі жағдайларда айыпталушыларға ескерту жасалады.

Әзімованың пайымдауынша, мұндай бұзушылықтарды тіркеудің қазіргі жүйесі отбасылық-тұрмыстық жанжалдардың басым бөлігінің жасырын сипаттан арылып, олардың әрқайсысын жоғары, орташа немесе төмен деңгейлі фактілер екенін бөліп қарауға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты ол сервистік полиция қызметін енгізу және бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу жүйесін реформалау бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі бастаған шаралар туралы хабарлады. Қазақстандық Омбудсменнің пікірінше, хабарламаларды бағалау жүйесін нақты көрсеткіштер негізінде енгізу жәбірленушінің шағымының бар-жоғына қарамастан, құқық қорғау органдарының назарын зорлық-зомбылықтың қауіпті фактілеріне аударуға мүмкіндік береді. Полиция кез келген адамнан хабарлама алуға құқылы. Тәуекел деңгейі төмен болған жағдайда, көмек көрсету немесе кеңес беру үшін ондай жағдайларды әлеуметтік қызметтер мен үкіметтік емес ұйымдарға жолдау тетігін іске қосуға болады.

Уәкіл сондай-ақ халықтың зорлық-зомбылық тәуекелдері және олардың алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері мен дағдыларын дамыту, полицияның тіркеу жүйесіне цифрлық технологияларды енгізуі және талдау жұмысы, психолог-мамандарды, педагогтар мен әлеуметтанушыларды, мәдениет саласындағы мамандарды тарту бойынша азаматтық қоғам ұйымдарымен әріптестік жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Спикерлер ретінде Эстель Вагнер (халықаралық отбасын жоспарлау Федерациясы), Мелисса УПРЕТИ (БҰҰ әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілік жөніндегі жұмыс тобының төрағасы), Сату ЛИДМАН (Философия докторы, Турку университетінің адъюнкт-профессоры, Финляндия), Айман УМАРОВА (Қазақстандық адвокат, Қазақстанның әйелдер және қыздар істері жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі), Анна ПАРИНИ (Женевадағы «БҰҰ-әйелдер» байланыс бөлімшесі, Моника ФЕРРО (Женевадағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры бөлімшесінің директоры) сөз сөйледі.

Іс-шараға сондай-ақ Қырғыз Республикасы Ақықатшы (Омбудсмен) аппаратының басшысы Асхат Әзірбеков; Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» офисінің басшысы Мария Доценко; ҚР ІІМ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, құқық докторы (PhD), Еуразиялық технологиялық университеттегі адам құқықтарын, инклюзияны және азаматтық қоғамды зерттеу орталығының директоры Халида Әжіғұлова қатысты. Жанна Назарова, «Penal Reform International» (халықаралық түрме реформасы) Халықаралық қоғамдық бірлестігі Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы; Мәдина Жарбосынова, «БҰҰ-Әйелдер» Ұлттық консультанты және Қазақстандағы БҰҰДБ жобасының өкілдері.

Бөлісу: