«Адал еңбек». Әбдіжаппар Әлқожа жаңа көлігімен мақтанды

Бүгiн, 15:35 419

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа су жаңа көлігімен мақтанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі бұл көлікті көптен бері армандап жүргенін жеткізді.

Серіні тұлпарынан танисыздар. Көптен армандап, бүгін жеттім. Құтты болсын деп қойыңыздар. Сіздерге жұғысты болсын! Әрбір қазағым мықты көлікпен жүрсін. Мен үшін Merсedes AMG 63S – нөмер бірінші көлік. Жеткізген Алла! Ақшаны берген – сіздер. Адал еңбек,таза пейілдің арқасы, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар әнші жаңа көлігімен блогер Ырысбала Икрамбайды перзентханадан шығарып алды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: