ӘЧ: Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысын нокдаунмен ұтты

8 Мамыр 2023, 22:08 1720

Ең жеңіл салмақта сынға түсетін Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында Шодиер Меликузиевті ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Санжар өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді.

Бұған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, Азия чемпионатының финалында да Санжар басымдық танытқан.

Тәшкенбай - жастар арасында әлем чемпионы.

С.Тәшкенбайдың келесі қарсыласы – жапониялық Аратаке Казума. Былтыр Санжар оны ересектер арасында Азия чемпионатының финалында ұтқан болатын.

Берік Арманов
Бөлісу: