ӘЧ: Қазақстан қоржыны алтыншы алтынмен толықты

3 Қараша, 23:22 533

Жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны  тағы бір алтынмен толықты. Алтыншы алтын жүлдеге Өнер Сейілхан ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

71 келі салмақтағы спортшымыз бұған дейін Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларынан басым түскен еді. Ал ақтық сында қазақ боксшысы ресейлік Алексей Гуковты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер шешімімен есеп - 5:0.

Перизат Саденова
Бөлісу: