Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлем чемпионатына әуесқой спортшылар қатыса алады.
Жартылай финалда қазақстандық спортшылар Әзербайжанмен шеберлік байқасты.
Кездесу барысында әзербайжандық футболшылар қатарынан 19-минутта Эшгин Тагиев есеп ашты. Одан кейін қазақстандықтар қатарынан үш гол соғып кетті. Бұл голдар Нұрсұлтан Жүсіпов (30-минут), Жәнібек Сейітжан (41), Оралбек Егізбаев (45) еншісіне жазылды.
Ел құрамасы А тобында сынға түсті. Бұл кезеңде Гананы 7:0, Үндістанды 16:0, Біріккен Араб әмірлігін 2:1 есебімен жеңді.