Абзал Әжіғалиев шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде күміс иеленді

6 Қараша 2022, 11:45 1072

Қазақстандық шорт-трекші 500 метр қашықтықта жүлдегерлер қатарынан көрінді

Қазақстандық Абзал Әжіғалиев шорт-тректен АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

А финалында Абзал Әжіғалиев олимпиада чемпионы, канадалық Максим Лауннан кейін мәре сызығын екінші болып қиды. Тағы бір олимпиада чемпионы, кореялық Ли Чжун Со үздік үштікке ілікті.

Солт-Лейк-Ситидегі әлем кубогі кезеңі 6 қараша күні де жалғасады.

EL.KZ
Бөлісу: