Абылай ханның көсбасшылық қаситтері

29 Шілде 2014, 12:09

Тарихшылардың айтуы бойынша, зерттеулер кезінде, Абылай ханның бір сау сүйегі болмай шықты. Қандай адам осындай қиыншылыққа шыдай алады? Төзімділігі таң қалдыратыны рас. Ал қол астындағы жауынгерлері, қорқынышпен емес сыйластықпен қараған болатын.

Абылай ханның шын аты - Әбілмансұр. (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.

Міне өз өмір жолын осындай қйыншылықтан бастаған он үш жасар бала, үш жүздің басын қосып, қазақ хандығын өркендетеді!

Тағдырдың қалауы бойынша ол Төле бидің тәлім- тәрбиесінде болып, қазақ даласының даналығын бойына жинап баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын санасына ұялата берген.

Өсе келе үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Міне, жаңағы малшы бала, қазақ халқының ханы, батыры болды! Қанша ұрыс, шайқастарда жеңіске жетіп, аты тарихта қалды.

Тарихшылардың айтуы бойынша, зерттеулер кезінде, Абылай ханның бір сау сүйегі болмай шықты. Қандай адам осындай қиыншылыққа шыдай алады? Төзімділігі таң қалдыратыны рас. Ал қол астындағы жауынгерлері, қорқынышпен емес сыйластықпен қараған болатын.

Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", "Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы.

Мен әрқашанда осы көшбасшының жақсы қасиеттеріне қызығып өтемін. Он үш жасар бала, өз жолынан таймау керек екенін жастайынан көкейінде сақтаған.

Бұл адамның өмірбаянына үңілсек, ешқашан қол қусыруға болмайтынына көзіміз жетеді.

Төзімділігі, өзіне деген сенімділігі таң қалдырады. Қандай адам болмасын, барлық қиыншылыққа төзіп бере алмайды. Ал Абылай болса, төзіп қана емес, ішіндегі күдігін ешқашан сыртына шығармай, қуаныш- қайғысын бір тірі жанға білдірмеген. Барлығын өз ішінде үстап, басқа көзге кіршіксіз адам болып көрінген жан. Ол, қазақ халқы қандай көшбасшыны көргісі келсе, сондайды берді, сондай болды!

Асем Мағажанова

Бөлісу: